Қытай Иордания арқылы Газаға гуманитарлық көмек жіберді

Фото: Фото: Синьхуа

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Иорданиядағы елшілігі мен Иордандық хашимиттік қайырымдылық ұйымы (JHCO) Газа секторына гуманитарлық көмек жөнелту рәсімін өткізді.

Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлағандай, Қытайдың қазіргі гуманитарлық көмегі Иорданиядан құрлық шекарасы арқылы Газа секторына түседі. Онда 60 мың азық-түлік пакеті бар және ол алты партиямен жеткізіледі.

Газа секторына келгеннен кейін шамамен 12 мың азықтың бірінші партиясы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына, Палестина Қызыл Жарты Ай Қоғамына және басқа да ұйымдарға тарату үшін беріледі.

Рәсім кезінде Қытайдың Иорданиядағы елшісі Чен Чуаньдун Қытайдың Палестина халқының досы ретінде Газаға бірнеше рет гуманитарлық жүк жөнелткенін және Палестина халқына одан әрі қолдау көрсететінін мәлімдеді. 

JHCO Бас хатшысы Хусейн Шибли өз тарапынан Қытайға Газа секторының халқына көрсеткен қолдауы үшін үлкен алғысын білдіріп, жақын болашақта бұл аймақтағы барлық мұқтаж адамдарға көмек көрсету үшін Қытаймен одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Иорданияның әскери-әуе күштері атысты тоқтатқаннан кейін жеткізілім көлемін ұлғайту жөніндегі келісім аясында Газа секторына қажетті медициналық заттарды жеткізу үшін ең ірі әуе тасымалы жұмысын бастады