АСТАНА. KAZINFORM - Қытай билігі жеке коммерциялық үй сатып алушылар үшін ипотека бойынша бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшерін төмендететінін жариялады. Бұл туралы жұма күні Қытай Халық банкі хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, жеке коммерциялық тұрғын үй сатып алушылар үшін ипотека бойынша бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері біріншісін сатып алғанда кемінде 15%-ға, екіншісін сатып алғанда кемінде 25%-ға дейін төмендейді.
Global Times жазғандай, сарапшылардың пікірінше, соңғы онжылдықтарда мұндай жылжымайтын мүлік саясатын жеңілдету деңгейі болмаған. Бұл шаралар жылжымайтын мүлік сатылымын жеделдетіп, елдегі тұрғын үй нарығын қалпына келтіре алады.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.