Қытай Иранмен зымыран келісімі туралы шетелдік БАҚ ақпараттарын жоққа шығарды

Фото: Сaspianpost.com

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының Иранның ҚХР-мен CM-302 үлгісіндегі дыбыстан жылдам кемеге қарсы зымырандарды сатып алу жөніндегі келісімге қол қоюға жақын екені туралы хабарламаларын жоққа шығарды. Сонымен қатар тиісті тараптарды шиеленісті жағдайды ушықтырмай, керісінше оны бәсеңдетуге ықпал ететін бағытты таңдауға шақырды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин бұл жөнінде кезекті брифинг барысында мәлімдеме жасады. Одан аталған зымырандар соңғы жылдары Қытайдың Иранға жеткізген ең озық қару түрлерінің бірі болуы мүмкін деген жарияланымдардың рас-өтірігін растау сұралған еді.

«Бұл хабарламалар шындыққа сәйкес келмейді», деді дипломат.

Ол Қытай жауапты ірі мемлекет ретінде өзінің халықаралық міндеттемелерін бұлжытпай орындайтынын атап өтіп.

Қытай жағымсыз сипаттағы қауесеттерді таңу мен жалған ақпарат таратудың қарсы екенін білдірді және тиісті тараптар шиеленісті жағдайды бәсеңдетуге ықпал ететін әрекет бағытын таңдайды деп үміттенетінін қосты Қытай сыртқы саяси ведомствосының ресми өкілі.

Айта кетейік, Франция ядролық арсеналын күшейтетін болды.