Қытай Канада мен Ұлыбритания азаматтары үшін визасыз режим енгізеді

Фото: Mediabites.com.pk

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай 2026 жылғы 17 ақпаннан бастап Канада мен Ұлыбритания азаматтары үшін визасыз режим енгізетін болды. Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі жексенбі күні хабарлады, деп жазады Синьхуа.

Қытай Сырты істер министрлігі өкілінің айтуынша, кәдімгі төлқұжаты бар Канада мен Ұлыбритания азаматтары визасыз режим аясында Қытайға келесі мақсаттарда бара алады:

  • іскерлік сапарлар,
  • туристік сапарлар,
  • туысқандар мен достарды зиярат ету,
  • алмасу визиттері және транзит.

Дегенмен, бұл ретте Қытайда олардың болу мерзімі 30 күннен аспауы керек.

ҚХР СІМ ресми өкілі бұл саясат 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет ететінін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Тәжікстан Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізбек.