Қытай қашықтықтан зондтау спутниктерінің тобын ұшырды

Фото: CASC

АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбі күні ҚХР «Яогань-43» қашықтан зондтау спутниктерінің кезекті ұшырылымын жүзеге асырды. Бұл туралы Қытайдың аэроғарыш ғылыми-техникалық корпорациясы (CASC) хабарлады.

Спутниктер Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясындағы Сичан спутниктік ұшыру орталығынан сағат 09:22-де ұшырылды. Сондай-ақ «Яогань-43» қашықтан зондтау спутниктер тобы «Чанчжэн-4B» зымыран тасымалдағышының көмегімен ұшырылды.

Ғарыш кемесі белгіленген орбитаға шыққаны хабарланды.

«Яогань-43» сериялы қашықтан зондтау спутниктері төмен орбиталық спутниктік шоқжұлдыз жүйелерінің жаңа техникалық сынақтарын жүргізу үшін пайдаланылады.

Бұл ұшырылым «Чанчжэн» сериялы зымыран тасымалдағыштары үшін 533-ші рейс болды.