Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Дун Цзюнь Сяншань қауіпсіздік форумының ашылу рәсімінде мәлімдеді.
— Теңгерімді, тиімді әрі тұрақты өңірлік қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыру қажет. Ол барлық елдердің қауіпсіздік саласындағы орынды алаңдаушылықтарын ескеруі тиіс, — деді министр.
Дун Цзюнь атап өткендей, қауіпсіздіктің жаңа архитектурасы дамушы елдердің мүдделерін де ескеруі қажет.
Айта кетейік, Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Бейжіңдегі Сяншань қауіпсіздік форумына қатысып жатыр.