Қытай қазағы аралас жекпе-жекте қарсыласын жеңіп, $140 мың еншіледі

Фото: Фото: new.qq.com

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайлық ұлты қазақ ММА шебері Нартай Қызырбайұлы кәсіпқой мансабындағы ең үлкен жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Қандасымыз Қытайдағы ең танымал JUE CHENG KING атты ережесіз жекпе-жек бәсекесінде өнер көрсетіп, тибет ұлтынан шыққан танымал файтер Зы Уаңмен шеберлік байқасты.

Фото: new.qq.com

5 раундтық жекпе-жек қорытындысында Нартай қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, 1 миллион юань (140 мың доллар) сыйақы иеленді.

Айта кетейік, Нартай Қызырбайұлы Қытайдың Іле Қазақ автономиялы облысындағы Күнес ауданында дүниеге келген. 

23 жастағы файтер кәсіпқой мансабында 8 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы Садриддин Ахмедовтің АҚШ-тағы айқасы нокаутпен аяқталғанын хабарлаған едік.