Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Сағынбек Әбдімүтәліп ҚХР Мемлекеттік көші-қон басқармасының ақпаратына сілтеме жасап хабарлады.
— Қырғызстан азаматтарының Қытайға 10 күнге дейін визасыз кіруі үшін тек бір ғана талап бар: Қайтар жолдың Қырғызстанға үшінші ел арқылы өтетінін растайтын әуе билеті болуы қажет, — деп түсіндірді Сағынбек Әбдімүтәліп.
Бұдан басқа, Қырғызстан азаматтарына Хайнань аралына 30 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат етіледі.
Айта кетейік, Қытай Қырғызстан азаматтары үшін 10 күндік визасыз режимді біржақты түрде енгізіп жатыр. Қытай азаматтарының Қырғызстанға кіруі үшін бұрынғыдай виза алуы керек.
Осыған дейін АҚШ Орталық Азия азаматтарына 15 мың АҚШ долларға дейін визалық кепіл енгізгенін хабарладық.