Қытай қыркүйекте Бейжіңде өтетін парадта жаңа қару түрлерін көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) Бейжіңде Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығына орай өтетін парадта гипердыбысты зымырандар мен ұшқышсыз ұшатын жүйелерді көрсетеді, деп хабарлайды Kazinfrom агенттігінің меншікті тілшісі.

Фото: ҚХР мемкеңесінің баспасөз кеңсесі

Бұл туралы ҚХР Орталық әскери кеңесі Бірлескен штабының жедел басқару қызметі бастығының орынбасары генерал-майор У Цзэкэ мәлім етті.

Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, парадта Қытай қарулы күштері құрылымының жаңа түрлері көрсетіледі және алғаш рет стратегиялық қарулардың жер, теңіз бен әуедегі, сондай-ақ гипердыбысты, таулы аймақта соққы беретін, ұшқышсыз ұшатын, ұшқышсыз ұшатын аппараттарға қарсы құрылғылардың кейбір түрлері таныстырылады.

Парадта 45 топ құрылып, оларды таныстыру 70 минутқа созылады.

Жеңіс парады 3 қыркүйекте Бейжіңде өтеді.

Осыған дейін Оңтүстік Корея қарулы күштерінің саны алты жылда 110 мыңға азайғаны туралы жаздық.