Қытай Конфуцийдің туғанына 2 575 жыл толуын тойлап жатыр

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясында ежелгі қытай философы және ұстазы Конфуцийдің туған күніне арналған салтанатты шаралар басталды.

Арнайы ашылу салтанатынан кейін Конфуций ғибадатханасында музыка мен би қойылымдары мен Конфуций классикасы оқулары өтті.

Фото: Kazinform

Конфуцийге құрмет көрсету рәсімінің өзі Қытайдың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген.

Фото: Kazinform

Конфуций біздің эрамызға дейінгі 551 жылы Шаньдун провинциясының Цюйфу қаласында дүниеге келген. Ол жер қазір ежелгі қытай даналығын құрметтеушілердің зиярат ету орны. Конфуций ілімі конфуцийшілдік деген атаумен белгілі.

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Конфуцийшілдік Солтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қоғамдық өмірде және академиялық зерттеулерде маңызды орын алады. Көптеген елдерде Конфуций институттары бар, олардың саны бүгінде 550-ден асады.

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform