Нақтырақ айтар болсақ, «Құсни Қорлан» композициясын қазақстандық музыкант Айгерім Ерсайынова қобызбен, ал қытайлық музыкант Ян Джияюань гучжэн аспабымен сүйемелдеді.
— Сіздермен ерекше нәрсені бөліскеніме өте қуаныштымын. Алғаш рет екі музыкант — бірі Қазақстаннан, екіншісі Қытайдан — Қытай қорғанында өнер көрсетуге жиналды. Біз музыка, мәдениет және достықтың бірегей мерекесін жасау үшін дәстүрлі аспаптарымызды біріктірдік, - деді Айгерім әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қазақстандық музканттың айтуынша, бұл – өзара құрмет пен мәдениет алмасуға негізделген екі ежелгі мәдениеттер арасындағы терең байланыстың күшті тоғысуы.
— Музыкада тіл жоқ. Ол шекараларды асып, жүрек қылын қозғап, тыңдарман жанын тебірентеді, - деді Айгерім.
Айта кетейік, Гучжэн – Қытайдың ең көне музыкалық аспабы саналады. Ол құрлымы жағынан қазақтың жетіген аспабына ұқсайды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚХР-дың бұрынғы Елшісі Қазақстанның халықаралық іс-шаралар өткізуде тәжірибесі мол екенін айтқан еді.