Қытай Марсқа миссия үшін халықаралық серіктестерді іріктеуді аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай Ұлттық ғарыш басқармасы (CNSA) Қытайдың Марстан үлгілер жеткізу бойынша «Тяньвэнь-3» қытайлық алғашқы миссиясы жобасына қатысу үшін серіктестерді іріктеу қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бейжіңдегі меншікті тілшісі.

Фото: Xinhua

Бағдарламаға қатысуға барлығы 28 өтінім берілді. Сарапшылар ғылыми құндылығы, техникалық даярлық және инженерлік мүмкіндіктерге сүйене отырып бес бірлескен жобаны таңдады. Оларға COSPAR комитеті, Италияның Фраскати ұлттық зертханасы және басқа да жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының әзірлемелері кірді.

Орбиталық модульде үш құрал орнастырылады, оның ішінде тіршілік іздерін іздеу және минералдарды талдау үшін марстық PEX спектрометрі, атмосфералық диссипацияны зерттеу үшін ион құрамын талдағыш, сондай-ақ жел өрістерін картаға түсіру және су изотоптарын өлшеу үшін лазерлік гетеродинді спектрометр болады.

Қызмет модулі құрамында су бар минералдарды іздеу және ресурстарды жалпы барлау үшін гиперспектрлік камерамен жабдықталады. Сонымен қатар қону модулінде Марс бетінде жоғары дәлдіктегі навигациялық нысаналар ретінде қызмет ететін лазерлік бұрыштық шағылыстырғыштар жиынтығымен жабдықталады. 

«Тяньвэнь-3» ұшырылуы 2028 жылға жоспарланған. Бағдарлама кестесіне сәйкес, Марс үлгілерін тасымалдайтын капсула Жерге 2031 жылы оралады деп шамаланған.

Осыған дейін Қытай 2026 жылы ауқымды ғарыштық бағдарламаны жүзеге асыратынын жаздық. 

Еске сала кетсек, Қазақстанда ғарышкер болуға үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар мен қажетті біліктіліктер айқындалды