Тілшілер СІМ өкілінен спортшының Қытайдың бұрынғы көшбасшысы Мао Цзэдун жайлы әзілдеген видеосы интернетке таралған соң бірнеше ірі қытайлық брендтің Мбаппемен серіктестікті тоқтатқаны туралы хабарламаларға түсініктеме беруін сұрады.
— Біз тиісті хабарламаларды назарға алдық. Қытай халқының сезімін қорлайтын мәлімдемелер мен әрекеттер міндетті түрде бүкіл Қытай қоғамының қарсылығына тап болады, — деді Го Цзякунь.
Айта кетейік, Мбаппе Қытайдың бұрынғы көшбасшысы Мао Цзэдун жайлы әзілдеді деген видео желіге тарап, жанжалға себеп болған. Көп ұзамай Қытайдың үш ірі бренді онымен коммерциялық келісімшартты бұзатынын мәлімдеді, ал БАҚ футболшыға қатысты барлық контентті жойған.
Global Times газетінің жазуынша, Sina Weibo желісінде «Реал Мадрид» шабуылшысын Қытай туралы айтқан пікірлері үшін кешірім сұрауға үндейтін #MbappeStillOwesAnApology хэштегі танымал болып отыр.
Бұған дейін Мбаппенің «Реал Мадрид» сапындағы 100-ші голын «Барселонаға» қақпасына соққаны хабарланған болатын.