Сәрсенбі күні Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И мен Науру Сыртқы істер министрі Лайонель Аингимеа Бейжіңде келіссөздер жүргізіп, артынша тараптар «Қытай Халық Республикасы мен Науру Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы бірлескен коммюникеге» қол қойды.
- Науру Республикасының Үкіметі әлемде бір ғана қытай бар екенін, Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайдың жалғыз заңды үкіметі, ал Тайвань Қытай территориясының ажырамас бөлігі екенін мойындайды. Науру Республикасының үкіметі бүгіннен бастап Тайваньмен дипломатиялық қатынасын үзіп, алдағы уақытта ешқандай ресми қарым-қатынасты дамытпауға міндеттенеді. Қытай Халық Республикасының Үкіметі Науру Республикасы Үкіметінің бұл ұстанымын жоғары бағалайды, - делінген құжатта.
24 қаңтардан бастап екі ел елшілік деңгейіндегі дипломатиялық қарым-қатынастарын қалпына келтірді.