Қытай Сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің айтуынша, Қытай мен Солтүстік Кореяның келісімі бойынша 15 қазанда Ялуцзян өзені арқылы өтетін жаңа көпір ресми түрде ашылады. Осы күні екі тарап бірлесіп, көпірдің ашылу рәсімін өткізеді.
– Қытай мен КХДР – ортақ таулары мен өзендері жалғастырған тату көрші мемлекеттер. Ялуцзян өзені арқылы өтетін жаңа көпір екі ел арасындағы көлік қатынасын нығайтып, өзара байланысты дамытуға мүмкіндік беретін маңызды инфрақұрылым нысаны болмақ, – деді Қытай дипломаты.
Оның сөзінше, көпірдің ашылуы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, екі ел азаматтарының сапарларын жеңілдетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.
Бұған дейін Air China араға алты жыл салып Бейжің-Пхеньян рейсін қайта бастағанын хабарлаған болатынбыз.