Қытай мұхитты зерттеуге арналған интеллектуалды кеме жасап шығарды
АСТАНА.KAZINFORM - Шанхайда автономды навигация және ақылды басқару жүйелерімен жабдықталған алғашқы интеллектуалды зерттеу кемесі «Тунцзи» пайдалануға берілді, деп хабарлайды China Daily.
Кеме Шанхайдағы Тунцзи университетінің тапсырысы бойынша Қытайдың мемлекеттік кеме жасау корпорациясы тарапынан жасалған. Ол теңіз ғылыми экспедицияларын жүргізуге, жағалау құрылысы бойынша тапсырмаларды орындауға, теңіз және инженерлік мамандықтар бойынша оқитын студенттердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға арналған.
Инженерлердің айтуынша, жаңа әзірлеме теңіз геологиясы, биологиясы, химиясы және онымен байланысты пәндер сияқты салаларда зерттеулер жүргізуге арналған көп функционалды қалқымалы кешен.
«Тунцзи» Қытай классификация қоғамының стандарты бойынша ақылды кеме мәртебесін алған алғашқы ғылыми кеме, деді жобаның бас конструкторы Ли Чжэнхуа.
Электрлі реактивті қозғалтқышы бар кемені жағадан, қашықтан басқаруға болады. Ол ашық су айдындарында автономды навигациямен және энергияны басқарудың интеллектуалды жүйесімен жабдықталған. «Тунцзи» мұзды аймақтарды қоспағанда, кез келген аймақтарда жүре алады.
Ұзындығы – 81,5 м, ені – 15 м, су тартуы – 6,9 м. Оған 45 адам сыяды және 27 км/сағ дейін жылдамдыққа жетеді. Автономды жүзу диапазоны 80 000 теңіз милі, суда ұзақмерзімді жүре алуы 35 күнге дейін.
Қытайлықтар қанша зейнетақы алатынын жазған болатынбыз.