Бұл туралы Бүкілқытайлық мүгедектер федерациясының атқарушы кеңесінің төрағасы Чжоу Чанкуй баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ол сарапшылар қауымдастығы медицина мен оңалтуды нейротехнологияны қолданудың негізгі бағыты ретінде бірауыздан мойындайтынын атап өтті.
– Ғылыми-техникалық прогрестің бұл жаңа кезеңі мүгедектерге физикалық шектеулерді жеңуге мүмкіндік береді. Біз көру, есту және қозғалыс белсенділігін қалпына келтіруге көмектесетін технологиялық шешімдерге үміт артамыз, - деп атап өтті ол.
Биыл Бүкілқытайлық мүгедектер федерациясы алғаш рет инновациялық әзірлемелерді қолдану сценарийлерінің картасын ұсынды. Оған кедергісіз такси қызметтері, зағиптарға арналған ақылды навигация және инвазивті емес нейрондық интерфейстерге негізделген ақылды оңалту жабдықтары кірді.
Алдағы бес жылда Бейжің бұл технологияларды жаппай нарыққа шығаруды көздеп отыр. Билік оңалту құрылғыларын мемлекеттік субсидиялау бағдарламаларына енгізуді жоспарлап отыр. Бұл пайдаланушылар үшін олардың соңғы құнын айтарлықтай төмендетеді.
Айта кетейік, Қытайда судағы құтқару жұмыстарына арналған өрмекші робот жасалды.