Бұған дейін хабарланғандай, олардың бірі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткен.
— ҚР Сыртқы істер министрлігі жергілікті мемлекеттік органдармен арадағы жұмысты жалғастыруда, отандастарымыздың туыстарымен тұрақты байланыс орнатылған, — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов.
Әлеуметтік желіде жоғалған қазақстандық туристердің аты-жөні жарияланды. Олар – 1982 жылы туған Анна Щерба және Ирина Блонская.
Бұған дейін Непал шекарасынан Қытайға өткен жалғыз қазақстандық турист іздестірілген еді.
Су тасқыны құрбандарының саны 359-ға жетті, 1400 адам із-түзсіз жоғалған.