Мемлекеттік деректер басқармасы жариялаған деректер инфрақұрылымын құру жөніндегі директиваның жобасы ҚХР 5G желісін 5G-A стандартына дейін жаңартуды және 6G-ге қатысты зерттеулерді, әзірлемелер мен инновацияларды жан-жақты ынталандыруды көздеп отыр.
5G-A желісі жылдамдығы, кідірісі, қосылым ауқымы және қуат тұтынуы жағынан қазіргі 5G желісінен асып түседі, оның деректерді берудің максималды жылдамдығы жүктеу үшін 10 Гбит/с, жүктеп салу үшін 1 Гбит/с жетеді, уақыт кідірісі миллисекундтарды құрайды, ал интернетке қосылуы ең аз шығынмен орындалады.
Сонымен қатар, Қытай халықаралық су асты және жерүсті кабельдік ақпарат арналарын кеңейтуді, сондай-ақ ғарыштық және жерүсті байланыс құралдарын біріктіретін спутниктік интернет құруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Қытайдың Нанкин, Ухань, Циндао, Шэньчжэнь, Сучжоу, Шанхай, Нинбо, Гуанчжоу, Шэньян және Чэнду қалаларында «5G өндірістік интернет» технологияларын енгізу бойынша пилоттық бағдарламаны іске қосқаны белгілі болды. Бұл қалалар 5G негізінде өнеркәсіптік кластерлер мен инновациялық экожүйелерді дамытуға назар аударады.
Еске салсақ, Қытайда 5G желісін пайдаланушылар саны 1 млрд-тан асқанын жазған болатынбыз.