Қытай делегациясы Өзбекстанның сауда-өнеркәсіп палатасында кездесу өткізіп, жобаны талқылады.
Жобаның бірінші кезеңінде қытай компаниясы өндіріс цехтарын салуға 7 млн доллар инвестиция құюға ниетті.
Екінші кезеңде құрал-жабдықтарды орнату арқылы инвестиция көлемін 30 млн долларға дейін жеткізбек.
Anhui Coronet Tech. Co., LTD Өзбекстан мен Орталық Азия елдерінде электр көліктерін сатуды жоспарлап отыр.
Жобаны жүзеге асыратын орын ретінде Хорезм облысындағы еркін экономикалық аймақ қарастырылып жатыр.