Шэньчжэнь қалалық қоғамдық қауіпсіздік басқармасының хабарламасына сәйкес, Гуандун провинциясының барлық құқық қорғау органдарына қауіпсіздік шараларын күшейтіп, полиция қызметкерлерінің санын арттыру тапсырылған.
– Полицияның қосымша күштері Шэньчжэнь қаласына жіберілді. Тиімді жұмыс жүргізу үшін провинцияның барлық аумағындағы полиция бөлімшелері жұмылдырылды, – делінген хабарламада.
Саммит қарсаңында қала көшелеріндегі патрульдеу күшейтіліп, құқықбұзушылықтардың жолын кесу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар қауіпті және жарылғыш заттарды тасымалдау мен сақтауға қойылатын талаптар қатаңдатылды.
Саммит өтетін күндері Шэньчжэньде дрондар мен басқа да төмен биіктікте ұшатын аппараттарды пайдалануға тыйым салынды.
Қараша айының басында қала билігі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысы жоқ жағдайларда көлік сигналын негізсіз қолдануға да тыйым енгізген.
АТЭС көшбасшыларының 33-ші бейресми кездесуі 18-19 қарашада Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Шэньчжэнь қаласында өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін осы саммит барысында Владимир Путин, Си Цзиньпин және Дональд Трамптың үшжақты кездесуін өткізу туралы келісімге қол жеткізілген еді.
Бұдан бөлек Ақ үй де Қытайда Трамп, Путин және Си Цзиньпин кездесетінін растады.