АСТАНА. KAZINFORM – Қытай үш ғарышкерін орбиталық «Тяньгун» («Аспан сарайы») ғарыш станциясына алты айлық миссияға жіберу үшін «Шэньчжоу 18» басқарылатын ғарыш кемесін ұшырды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады.
Фото: Синьхуа
Ғарыш кемесі Қытайдың солтүстік-батысындағы Цзюцюань спутниктік ұшыру орталығынан «Чанчжэн-2°F» - Long March-2 °F зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды.
Фото: Синьхуа
Хабарланғандай, «Шэньчжоу-18» басқарылатын ғарыш миссиясының құрамында қытайлық ғарышкерлер Е Гуанфу, Ли Цун және Ли Гуансу болды. Ал Е Гуанфу экипаж командир болды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.