Қытайдың басқарылатын ғарыш бағдарламасы басқармасының (CMSA) мәліметінше, миссияға үш ғарышкер қатысады. Экипаж құрамына командир және бортинженер Чжу Янчжу (1986 жылы туған), ұшқыш Чжан Чжиюань (1986 жылы туған) және пайдалы жүктеме жөніндегі маман Ли Цзиян (1982 жылы туған) кірді.
Ли Цзиян Қытайдың басқарылатын ғарыш бағдарламасына қатысқан алғашқы гонконгтық ғарышкер әрі алғашқы әйел атанады. Ғарышкерлер қатарына іріктелгенге дейін ол Сянган арнайы әкімшілік ауданының полициясында қызмет еткен.
CMSA өкілдерінің айтуынша, миссия аясында ғарышкерлердің бірі орбитада бір жыл болу тәжірибесін жүргізеді.
«Шэньчжоу-23» ғарыш кемесін ұшыру 24 мамыр күні Бейжің уақыты бойынша сағат 23:08-де Цзюцюань ғарыш айлағынан жоспарланған. Аппаратты орбитаға «Чанчжэн-2F Y23» зымыран тасығышы шығарады.
Бұл ұшу Қытайдың басқарылатын ғарыш бағдарламасы аясындағы 40-миссия және ұлттық орбиталық станцияны тұрақты пайдалану кезеңіндегі жетінші экспедиция болады.
Бұған дейін Қытайдың алғаш рет ғарышқа жасанды адам эмбрионын жібергені хабарланған еді.
Еске сала кетейік, Қытай алғаш рет ғарышқа адамның жасанды эмбрионын жіберді.