Қытай ШҰАР Партия комитетінің негізгі басшысы ауысты

Фото: ҚКП ресми сайты

АСТАНА. KAZINFORM – Чэн Чяоцзян Қытай коммунистік партиясы Шынжаң ұйғыр автономиялық региондық комитетінің хатшысы болып тағайындалды.

- ҚКП ОК шешімімен, Ма Синжуй басқа жұмысқа ауысуына байланысты ШҰАР партия комитетінің мүшесі, хатшысы қызметін қоса атқармайды. Чэн Сяоцзян ШҰАР партия комитетінің мүшесі, хатшысы болып тағайындалды, - делінген Синьхуа агенттігі таратқан ақпаратта.

Ашық дереккөзден белгілі болғандай, Чэн Сяоцзян 1962 жылы туған. 1984 жылы Ухань су шаруашылығы және энергетика институтынан оқу бітіріп, ұзақ жылдар бойы «Қытай энергетикасы» газетінің редакциясында және Су шаруашылығы министрлігінің аппаратында жұмыста болады.

2015 жылы ҚКП Орталық тәртіптік тексеріс комиссиясына жұмысқа ауысып, үгіт-насихат бөлімінің жетекшісі болады. 2016 жылы Ляонин провинциялық партия комитеті тұрақты комитетінің мүшесі болып тағайындалып, тәртіптік тексеріс комиссияның жұмысын басқарады.

2017 жылы ҚХР Бақылау министрлігінің вице-министрі, ҚКП Орталық тәртіптік тексеріс комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалады. 2020 жылы желтоқсаннан кейін Мемлекеттік ұлт істері комитеттің төрағасы, ҚКП Орталық біріккен майдан бөлімі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, Қытайда БҚО компанияларының кеңселері ашылады.