Қытай сирек кездесетін металдарға бақылауды күшейтеді
АСТАНА.KAZINFORM - Қытай билігі сирек кездесетін металдарды өндіруге, балқытуға және қайта өңдеуге бақылауды күшейтуге бағытталған уақытша ережелерді жариялады, деп хабарлайды Синьхуа.
Жаңа ережелерге сәйкес мемлекет жыл сайын сирек кездесетін жер элементтерін өндіруге және өңдеуге квота белгілейтін болады. Бұл квоталар ұлттық дамудың басымдықтарын, қорлардың көлемін және олардың сорттарын, экологиялық талаптарды, нарықтық сұранысты және саланың перспективаларын ескере отырып, кәсіпорындар арасында бөлінетін болады.
Кәсіпорындарға заңдар мен әкімшілік регламенттерді сақтай отырып, бекітілген квоталар шегінде қатаң қызмет жүргізуге нұсқау беріледі. Сирек жер элементтерін өндірушілер өнімнің қозғалысын тіркеп, деректерді мемлекеттік бақылау жүйесіне енгізуі керек.
Жергілікті билік органдарына кәсіпорындарды қадағалау мен тексеруді күшейту, сондай-ақ қолданыстағы заңнама шеңберінде бұзушылықтардың жолын кесу ұсынылды.
Құжатты өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігі даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетпен және ҚХР Табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп дайындады.
Естеріңізге сала кетейік, сирек кездесетін металдар тізіміне жалпақ экранды теледидарлардан бастап лазерлер мен гибридті автомобильдерге дейін жоғары технологиялық өнімдерді өндіруде кеңінен қолданылатын 17 элемент кіреді.
Айта кетейік, Қытайда сирек кездесетін ірі металл кеніші табылды.