Мәлімдемеде Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И 16-21 ақпан аралығында шетелге сапары аясында 60-шы Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысатыны айтылған. Конференция барысында Қытай Сыртқы істер министрлігінің басшысы «Қытайдың арнайы сессиясында» баяндама жасап, халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша Бейжіңнің ұстанымын ұсынатын болады.
Ван И Испания мен Францияға да барады. Францияда Қытай Сыртқы істер министрі екіжақты стратегиялық диалог отырысын өткізеді.
Мюнхен қауіпсіздік конференциясы халықаралық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған әлемдік жетекші форум. Бұл конференция 1963 жылдан бері жыл сайын Мюнхенде (Германия) өткізіліп келеді.