Қытай Сыртқы істер министрі Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге қатысты пікір білдірді

Фото: Фото: t.me/BILD_Russian

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Мюнхен қауіпсіздік конференциясының ашылуында сөз сөйлеп, Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform BILD-ке сілтеме жасап.

- Қытай үшін еуропалықтар қарсылас емес, серіктес. Бұл біздің көпполярлы әлеміміздегі өте маңызды полюс, - деді ол.

Сонымен қатар Ван И Америка Құрама Штаттарының билігіне Қытайды тежеуге тырысудың қажеті жоқтығын айтты. ҚХР өкілінің айтуынша, бұл Бейжің тарапынан шешуші әрекетке баруға түрткі болады.

Ван И Ресей мен Украина арасындағы бітімге келу мүмкіндігі бар келіссөздерге қатысты да пікір білдірді.

- Бейжің Украина қақтығысын шешуге қатысты барлық амалдарды, соның ішінде соңғы күндері АҚШ-тың Ресей Федерациясымен түсіністікке қол жеткізгенін құптайды. Барлық тарап Украина бойынша бейбіт келіссөздерге тиісті уақытта қатысуы керек, - деді дипломат. 

Ол Қытайдың ресейлік газды алудан бас тартуға дайын еместігін, өйткені басқа елдер Қытайға қажетті көп ресурсты жеткізе алмайтынын атап өтті.

Бұған дейін Трамп Ресей мен Қытайға қорғаныс бюджетін екі есе қысқартуды ұсынатынын жазғанбыз.