Қытай Сыртқы істер министрлігі Трамп-Путин келіссөзіне пікір білдірді
АСТАНА.KAZINFORM - Қытай әрқашан дағдарысты диалог пен келіссөз арқылы шешуді жақтап келеді. Бұл туралы сәрсенбі күні өткен брифингте Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин Украина дағдарысын шешу бойынша Дональд Трамп пен Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлесуіне берген пікірінде айтты.
- Біз тиісті хабарламаларға назар аудардық, - деді Мао Нин.
- Қытай тарапы басынан бастап дағдарысты диалог пен келіссөз арқылы шешуді жақтады және атысты тоқтатуға бағытталған барлық күш-жігер бейбітшілікке қол жеткізу үшін қажетті қадамдар деп санайды, - деп атап өтті ҚХР СІМ ресми өкілі.
Бұған дейін президенттер Путин мен Трамптың телефон арқылы сөйлесуінің нәтижелері Кремль сайты мен Ақ үйге сілтеме жасап хабарланған болатын.
Кейінірек әлем көшбасшылары Трамп пен Путин келіссөздерінің нәтижесіне қатысты пікір білдірді.