Қытай СІМ: Қазақстанды Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтаймыз

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзянь кезекті баспасөз мәслихатында қазақстандықтарды алғашқы Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Фото: ҚХР СІМ

Оның айтуынша, тату көрші әрі мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктес ретінде, Қытай Қазақстанның тәуелсіз әрі дербес, ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін даму жолымен жүруіне қолдау көрсетеді. 

— Қазақстанда ұзақ мерзімді тұрақтылықтың сақталғанын, экономиканың дамып, өркендегенін көргіміз келеді. Қазақстанның мемлекетті гүлдендіру жолында жаңа әрі зор жетістіктерге жетуіне тілектеспіз, — деді Қытай СІМ өкілі.

Линь Цзянь Қытай тарапы Қытай-Қазақстан қатынастарын дамытуға зор мән беретінін атап өтті.

— Қытай тарапы Қазақстанмен бірге мемлекет басшылары қол жеткізген маңызды уағдаластықтарды мұқият жүзеге асырып, өзара тиімді жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге және Қытай-Қазақстан қатынастарын жаңа деңгейге көтеруге күш салуға дайын, — деді ол.

Еске сала кетейік, енбі күні Бейжіңде адам тәрізді роботтар арасындағы екінші Дүниежүзілік ойындардың ашылу салтанаты өтті.