Іс 35 жастағы финтех-компания қызметкерінің шағымы негізінде қаралған. Ол компанияда жасанды интеллект жүйелерінің жұмысын тексерумен айналысқан. Қызметкер жалақысы мен лауазымын төмендетуге келіспеген соң жұмыстан босатылған. Жұмыс беруші оның функциялары толықтай автоматтандырылған жүйелерге берілгенін алға тартқан.
Сот жұмыс берушінің әрекетін заңсыз деп таныды. Сот шешімінде қызметкерлерді тек шығынды азайту мақсатында жасанды интеллектімен алмастыру «объективті жағдайлардың елеулі өзгерісі» ретінде қарастырылмайтыны атап өтілді.
– Біз жасанды интеллект технологиялары адам еңбегін толыққанды алмастыратындай деңгейге жетті деп есептемейміз, – деді судья Ши Гоцян.
Нәтижесінде талапкер барлық сот сатысында жеңіске жетіп, компания оған 260 мың юаньнан астам (шамамен 38 мың доллар) өтемақы төлеуге міндеттелді.
Ханчжоу сотының деректеріне сәйкес, 2025 жылы қалада еңбек дауларының саны 61,7%-ға өсіп, 12 359 іске жеткен. Жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуына байланысты осы салаға қатысты сот істері де артып келеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың оңтүстігінде жасанды интеллект судьялардың жұмыс тиімділігін екі есеге арттырғаны хабарланған еді.