АСТАНА. KAZINFORM — Қытай 10 қараша күні Хайнань провинциясындағы коммерциялық ғарыш айлағынан төмен орбиталы жерсеріктердің жаңа тобын сәтті ұшырды, деп хабарлайды Синьхуа.
«Чанчжэн-12» зымыран-тасығышы Бейжің уақытымен сағат 10:41-де ұшырылып, жоспарланған орбитаға интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған 13 жерсеріктен тұратын топты жеткізді.
Бұл ұшыру Қытайдың төмен орбиталы байланыс және ғаламдық интернет желісін дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Айта кетейік, Қытайдың ғарыш аппараты жұлдызаралық объектіні алғаш рет жақыннан бақылады.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.