Қытай жаңа топ интернет-спутниктерін ұшырды

Фото: Синьхуа

Қытайдың жаңа төмен орбиталы спутниктер тобы сәрсенбі күні Оңтүстік Қытайдағы Хайнань провинциясындағы Вэньчан ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Синьхуа. 

Бұл – осындай сипаттағы сегізінші топ. Ұшыру Бейжің уақытымен 14:43-те (Астана уақытымен 11:43) «Чанчжэн-5B» (Long March-5B) зымыран-тасығышы және «Юаньчжэн-2» (Expedition-2) жоғарғы сатысының көмегімен жүзеге асырылды. Жүйе спутниктік интернет қызметін көрсетуге пайдаланылатын болады.

Ғарыш аппараттары берілген орбиталарға сәтті жетті.

«Чанчжэн» сериялы зымыран-тасығыштары үшін бұл – 588-ші ұшырылым.

Еске сала кетейік, Қытайда болашақтың ғарыш ауруханасын құру жоспарланып отыр. Жоба ғарышкерлердің денсаулығын жақсартуға, ағзаның жағдайын бақылау мүмкіндіктерін кеңейтуге және орбитада өмір сүруді қамтамасыз етуге бағытталған. 

Айта кетелік Жапония мен ЕО спутниктік жүйе мен қорғаныс ынтымақтастығын дамытпақ