Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзянь бұл мәселе бойынша ведомстволық брифингте мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, Жапония парламентінің 166 депутаты мен жергілікті заң шығарушы органдар өкілдерінің Ясукуни ғибадатханасына баруы тарихи әділеттілікке қайшы келеді.
– Ясукуни ғибадатханасы – жапон милитаристерінің басқыншылық соғысының символы әрі рухани құралы. Іс жүзінде бұл – әскери қылмыскерлерге арналған орын, – деді Линь Цзянь.
Қытай тарапы мұндай әрекеттер Екінші дүниежүзілік соғыс қорытындыларына және соғыстан кейінгі халықаралық тәртіпке қарсы бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар биыл 3 мамырда Токио сот процесінің басталғанына 80 жыл толатыны еске салынды. Қытай дипломатының айтуынша, сол кезеңде халықаралық қауымдастық Жапонияның әскери қылмыстарына құқықтық баға берген.
– Кейбір жапон саясаткерлері өткенді мойындаудың орнына, қателіктерді ақтауға тырысып отыр, – деп мәлімдеді ол.
Қытай өкілі халықаралық қауымдастықты аймақтағы қауіп-қатерлерге сергек болуға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Қытай Жапонияның әскери қадамдарын сынға алған болатын.