Бұл рұқсат IMT-2030 технологияларын ілгерілету тобына берілді. Ол топқа 6G технологияларын елдің жекелеген өңірлерінде сынақтан өткізу құқығы қарастырылған. Бұл қадам 6G үшін Халықаралық электр байланысы одағы белгілеген негізгі сценарийлер мен өнімділік көрсеткіштері негізінде технологияны зерттеу, сынақтан өткізу және растау жұмыстарын дамытуға бағытталған.
Қытай өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігінің мәліметінше, бұл жиіліктің бекітілуі елдегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жеделдетуге ықпал етеді. Сонымен қатар 6G технологияларын стандарттау мен өнеркәсіпке енгізу үдерісін күшейтіп, Қытайдағы 6G секторының сапалы дамуына серпін береді.
Бұған дейін Қытай интернет байланысын дамыту мақсатында тәжірибелік спутникті орбитаға шығарғаны туралы хабарланған болатын.
Айта кетелік Қытайда тамыз айында халықаралық Big Data индустриясы көрмесі өтеді.