Қытай Жерді бақылау үшін жаңа спутниктерді ұшырды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай табиғи ресурстарды зерттеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағалауға және табиғи апаттардың алдын алуға арналған Жерді қашықтан зондтайтын екі топ спутникті ғарышқа сәтті жіберді, деп хабарлайды Kazinform Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Синьхуа

«Яогань-53» (Yaogan-53) тобының 07-09-спутниктері және «Яогань-56» (Yaogan-56) тобының 19-21-спутниктері Астана уақытымен сағат 06:25-те (Бейжің уақытымен 03:25-те) «Чанчжэн-4Б» (Long March-4B) зымыран тасығышымен ұшырылып, жоспарланған орбиталарына сәтті шықты.

Аталған спутниктер негізінен ғылыми эксперименттер жүргізуге, жер мен табиғи ресурстарды зерттеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағалауға, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алуға және олардың зардаптарын азайтуға арналған.

Бұл «Чанчжэн» («Ұлы жорық») сериялы зымыран тасығыштарының көмегімен жүзеге асырылған 673-ғарыштық миссия болды.

Бұған дейін Ресей және Қытай Марсты бірлесіп зерттейтіні хабарланған болатын.