Жерді қашықтан зондтауға арналған «Яогань-46» спутнигін көкке көтерген «Чанчжэн-7» /Long March-7/ зымыран тасығышы Бейжің уақытымен 11:47-де ғарыш айлағынан ұшырылды. Спутник есептелген орбитаға сәтті шықты.
Спутник негізінен табиғи апаттардың алдын алу және залалын азайту, ұлттық жер ресурстарын зерттеу, сондай-ақ гидрология, метеорология және басқа да салалардағы зерттеулер үшін пайдаланылмақ.
«Чанчжэн» /«Ұлы жорық»/ сериясындағы зымыран тасығыштарының бұл 605-ші сапары екен.
Еске сала кетсек, бұған дейін ғарышқа 10 мыңнан астам Starlink спутниктері шығарылғанын жаздық.