«Қашықтықтан зондтау спутниктері Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Сичан ғарыш айлағынан «Чанчжэн-2В» зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды.
Бұл ғарыш аппараттары төмен орбиталық топтарға арналған жаңа технологияларды сынау үшін жасалған.
Айта кетсек, бұған дейін Қытай жердің Tianping-3 жасанды серіктерін ұшырған болатын.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытай ғарыштық ғылымды дамытудың Ұлттық орта және ұзақ мерзімді бағдарламасын ұсынды. Ол 2024-2050 жылдар аралығында елдегі ғарыштық ұшулар мен зерттеулер жоспарын айқындайтын болады.