«Чанчжэн-10Б» зымыран тасымалдағышы осы жұма күні елдің оңтүстігіндегі Хайнань провинциясындағы Вэньчан спутниктік ұшыру орталығынан ұшырылды. Алғашқы ұшу кезінде зымыран тасымалдағыш жүктемесін белгіленген орбитаға орналастырды.
Екінші сатыдан бөлінгеннен кейін зымыранның бірінші сатысы Жерге оралып, тормен ұстап алу жүйесі арқылы теңіз платформасында «ұсталды». Бірінші сатыдағы ұшыру және қалпына келтіру операциялары сәтті өтті.
Бұл миссия Қытайдың ғарышқа ұшу тарихындағы бірінші сатының алғашқы сәтті оралуы және ел үшін қайта пайдалануға болатын зымыран технологиясындағы үлкен жетістік болды.
Айта кетейік, Чанчжэн-10Б – қайта пайдалануға болатын коммерциялық сұйық отынмен жұмыс істейтін зымыран тасымалдағыш. Оның ұзындығы шамамен 63 метр, диаметрі 5 метр, ұшу күші шамамен 890 тонна, ал ұшу салмағы шамамен 760 тонна. Қайта пайдалануға болатын конфигурациясында ол Жердің төменгі орбитасына 16 тонна жүк жеткізе алады.
Бұған дейін Қытай стратегиялық зымыранды суасты қайығынан сынақтан өткізді.