"Бұл Азиядағы пегматит типті литий рудасының мономинералды фракцияларының ең ірі кен орны", - делінген министрлік хабарламасында.
Тиісті ведомство литий рудасын жеткізуді ұлғайтып, металды өндіру нарығын дамытуды көздеп отыр.
Литий «XXI ғасырдың жаңа энергетикалық металы» ретінде электр көліктерін, литий-ионды аккумуляторларды және күн батареяларын өндіру үшін маңызды материал саналады.
Қытайдан басқа литий кенінің айтарлықтай қоры Аргентина, Боливия, Чили, Аустралия және АҚШ-та табылды.