Қытайда 5G желісін пайдаланушылар саны 1 млрд-тан асты
БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Қытайда бесінші буын ұялы байланыс желісінің миллиардтан астам пайдаланушысы бар. Бұған China Mobile, China Unicom және China Telecom үш негізгі байланыс операторларының есептері дәлел, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Қытайдың телекоммуникациялық компаниялары жасанды интеллект, «төмен биіктік экономикасы» және спутниктік интернет сияқты перспективалы коммуникация салаларында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығындарды айтарлықтай арттырды. Соның ішінде жасанды интеллект үшін негіз болатын инфрақұрылым – есептеуіш қуат желісі маңызды орын алып отыр.
«Ицай глобал» мәліметіне сәйкес, China Mobile интеллектуалды есептеу қуатының ауқымы қазірдің өзінде 19,6 эксафлопсқа (exaFLOP) жетті.
China Telecom-ның интеллектуалды есептеу қуаты 21 экзафлопсты құрайды, тағы бір оператор China Unicom 10 экзафлопс сыйымдылығымен қосымша ақпарат орталықтарын салып жатыр.
Қытайдың интеллектуалдық есептеу қуаты 2027 жылға қарай 1117 экзафлопсқа жетеді деп шамаланады.
Бұған дейін ҚХР «Яогань-43» қашықтан зондтау спутниктерінің кезекті ұшырылымын жүзеге асырғаны туралы жазған болатынбыз.