Қытайда әлемдегі ең қуатты гипергравитациялық центрифуга іске қосылды
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда Жердің тартылыс күшінен 300 есе артық гипергравитация тудыра алатын әлемдегі ең қуатты центрифуга іске қосылды, деп хабарлайды Синьхуа.
Дүйсенбі күні Қытайда Жердің тартылыс күшінен 300 есе артық гипергравитацияны тудыруға қабілетті ең қуатты центрифуга пайдалануға берілді.
CHIEF1300 кодтық атауға ие қондырғы Шығыс Қытайдағы Чжэцзян провинциясының әкімшілік орталығы Ханчжоу қаласында салынып жатқан гипергравитация және пәнаралық зерттеулерге арналған центрифуга кешенінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі.
Бұл құрылғы терең теңіз және Жер қойнауындағы ресурстарды игеру, табиғи апаттардың алдын алу және зардаптарын жою, жер астында қалдықтарды кәдеге жарату, сондай-ақ жаңа материалдар синтездеу секілді озық зерттеулерде қолданылуы мүмкін.
Айта кетелік Қытай халықаралық цифрлық юань орталығын ашқан еді.