Лицензия жергілікті әуе тасымалы қызметіне маманданған бір компанияға ақылы қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл қызметтерге төмен биіктіктегі шолу экскурсиялары мен жолаушыларды тасымалдау кіреді. Ол үшін EH216-S деп аталатын жолаушыларға арналған пилотсыз ұшатын аппарат қолданылады.
EH216-S – ұшу жарамдылығы сертификатына ие болған пилотсыз әуе көлігі. Ол екі жолаушыны 130 км/сағ жылдамдықпен және 35 шақырым қашықтыққа дейін тасымалдай алады.
Бұған дейін Tesla пилотсыз таксилерін операторлар басқаратын болады деп хабарланған еді.
Айта кетелік Жаслан Мәдиев пилотсыз көлік жобаларының авторларына ерекше құқықтық режим беруді ұсынған еді.