Қытайда әскери ұшақ апатқа ұшырады
12:57, 16 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың оңтүстігіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде жойғыш ұшақ апатқа ұшырады.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, әскери ұшақ Хайнань провинциясының Лингао округіндегі қала маңындағы ашық аумаққа құлаған.
Апат салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ұшқыш парашютпен секіріп, аман қалған.
Ғаламторда тараған бейнежазбаға қарағанда, апатқа ұшыраған ұшақ Қытай Халық азаттық армиясының J-15 жойғыш ұшағы болуы мүмкін.
Қытай Халық азаттық армиясының оңтүстік әскери-теңіз күштері қолбасшылығы оқиғаның себептері анықталып жатқандығын жариялады.
Бұған дейін, Денвер (Колорадо) халықаралық әуежайында American Airlines жолаушылар ұшағы кенеттен өртеніп кеткенін хабарлаған едік.