БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Қытай әйелдер мен балаларды ұрлау және сатумен күресу үшін 2024 жылдың соңына дейін жалғасатын жалпыұлттық арнайы операцияны бастады. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министрліктің хабарлауынша, әртүрлі деңгейдегі органдардан жауапкершілікті белсенді алу, тиісті шараларды мұқият ұйымдастырып, бастау, әйелдер мен балаларды ұрлау және сатумен байланысты қылмыстармен заңға сәйкес табанды түрде күресу қажет.
Жаңа істерді жылдам тергеу және шешу, бұрынғы істерді жабу, қылмыстық тізбектерді бұзу және ұрланған әйелдер мен балаларды құтқару үшін күш салу керек.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.