Қытайда ажырасып жатқан ерлі-зайыптылар 29 тауықты тең бөліп алды
08:35, 11 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда ажырасып жатқан ерлі-зайыптылар 29 тауықты тең бөлу үшін бір тауықты бірге жеді, деп хабарлайды South China Morning Post.
Хабарламада олардың Сычуань провинциясындағы ауылда тұратыны және фермерлікпен айналысқаны айтылған. Оларда 29 тауық, 22 қаз және екі үйрек болды.
Ажырасу кезінде бәрі тең бөлінуін қалаған ерлі-зайыптыларға сот екі шешім ұсынды. Бір тауық үшін ерлі-зайыптылардың біреуі ақша төлеп, бағып-қағу немесе оны сойып, бірге жеу ұсынылды.
Ерлі-зайыптылар екінші нұсқаны таңдады.
Еске сала кетейік, Қытайда керқұлан саны 900-ден асқаны жайлы жазған едік.