Кәдімгі тіс щеткалары кірді механикалық үйкеліс арқылы кетірсе, жаңа құрылғының қылшықтары «ақылды» пластиктен жасалған. Ол майысқан кезде микроток бөліп, ауыз қуысындағы сумен әрекеттесу нәтижесінде бактерияға қарсы қосылыстар түзеді.
115 ерікті қатысқан үш айлық клиникалық сынақта жаңа тіс щеткасы тіс өңезін 40 пайызға азайтқан. Ал кәдімгі щетка қолданған бақылау тобында бұл көрсеткіш 15 пайыз болған. Сонымен қатар қызыл иектің қабынуы да азайған.
Әзірлеушілер өнімді нарыққа шығару үшін оның тиімділігіне ұзақ мерзімді бақылау жүргізу қажет екенін айтады.
Бұған дейін Қытай ғалымдары қанды қатерлі ісік жасушаларынан тазартатын құрылғы жасағаны хабарланған болатын.