Қытайда батпырауық ұшырудан 21-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр

Фото: Фото: Синьхуа

АСТАНА. KAZINFORM – Әртүрлі пішіндегі батпырауықтар көкке қалықтап, керемет көрініс сыйлады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. 

Жұма күні Шаньдун провинциясындағы Вэйфан қаласында өткен 42-ші Вэйфан халықаралық батпырауық фестивалі аясында 21-ші Әлемдік батпырауық ұшыру чемпионаты басталды.

Фото: Синьхуа

Бұл жарысқа 51 ел мен аймақтан келген 257 команда мен 1971 батпырауық қатысты.

Фото: Синьхуа
Фото: Синьхуа

Айта кетелік Бейжіңде роботтардың марафоны өтіп жатқаны туралы жазған едік. Сонымен қатар қазақ әні Қытайда трендке айналған еді