Қытайда биыл 13,42 млн түлек жоғары оқу орындарына емтихан тапсырады

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM - 2024 жылы қытайда 13,42 млн түлек жоғары оқу орынына оқуға түсу үшін емтихан тапсырады.

Фото: Синьхуа агенттігі

Қытай білім министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл 13,42 млн түлек Бүкілқытайлық мемлекеттік оқуға түсу емтихандарын тапсырауға өтініш берген. Бұл өткен жылға қарағанда 510 мың адамға көп.

Айта кетейік, Қытай түлектері 7-8 маусым күні ЖОО-на емтихан тапсырады. Алғашқы күні, түлектер Әдебиет және Математика пәні бойына, ал келесі күні Гуманитарлық пәндер немесе Жаратылыстану пәндер және шет тілі пәні бойынша емтихан тапсырады.