«ҚХР Жоғары халықтық прокуратура тапсырмасымен Ляонин провинциясының прокуратурасы пара алды деп айыпталған Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы бас директорының бұрынғы орынбасары Сюй Вэйжунды қамауға алу туралы жарлық шығарды», - делінген хабарламада.
Прокуратураға өткенге дейін Сюй Вэйжун ісін тергеумен ҚХР Мемлекеттік бақылау комитеті айналысты.
Бұған дейін Сюй Вэйжун партия тәртібі мен заңды қатаң бұзғаны үшін Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) қатарынан шығарылған болатын.