Фуцзянь провинциясында құрлықтағы қауіпті аймақтардан және теңіздегі нысандардан шамамен 167 900 адам эвакуацияланды. Алдыңғы күні кешке Шанхайда қауіп деңгейі жоғары аудандардан тағы шамамен 215 600 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Табиғи апат көлік қатынасы мен туризм саласының жұмысына да кедергі келтірді. Фуцзянь провинциясында 686 қалааралық автобус бағытының қозғалысы, 658 пойыздың қатынауы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар 234 ірі туристік нысан жабылды.
Шанхайдағы LEGOLAND Shanghai Resort тақырыптық саябағы дүйсенбі күні түстен кейін жұмысын уақытша тоқтатты. Аудан әкімшілігі нөсер жаңбыр мен қала аумақтарын су басу қаупіне байланысты қауіптің ең жоғары деңгейін жариялады.
Бұған дейін Қытайда тайфунға байланысты жүздеген әуе рейсінің тоқтатылғаны хабарланған болатын.